1966 жылы Қазақ ССР  жоғары және орта білім беру министрлігінің №151 қаулысы, 30 мамырдағы  № 344 бұйрығы негізінде Есік педагогикалық училищесі өз жұмысын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудан бастады. 1968 жылы алғашқы 119 түлек диплом алып, сол жылы училищеде «Музыкалық білім беру» мамандығы ашылды.

1984-1985 оқу жылында Кеңес Одағы арнаулы орта оқу орындары арасындағы жарыстың жеңімпазы атанған училище КСРО Халық Ағарту министірлігі мен білім беру, жоғары мектеп және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары Орталық Комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды.

1986 жылы «Қазақстанда қазақ және орыс тілдерін оқытуды жақсарту шаралары туралы» Қазақ КСР Үкіметінің арнайы қаулысы жарияланып, 1986-1987 оқу жылынан бастап қазақ тілі білім мекемелерінің барлық буындарында, соның ішінде орта кәсіптік оқу орындарында міндетті оқу пәні ретінде сабақ кестесіне енгізілді.

1993 жылы 5 майда Қазақстан Республикасы білім министрлігі коллегиясының  Иссык және Павлодар педагогикалық училищелерін қайта құру туралы шешімі шықты. Соның негізінде Алматы облысы әкімінің 1993 жылғы 23 маусымдағы  №6 бұйрығымен  оқу орнына Есік педагогикалық колледжі  статусы берілді. Осы жылдарда Каскелен педагогикалық училищесінен «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы Есік педагогикалық колледжіне  ауыстырылып,  осы сала мамандарын  дайындау жұмысы басталды.

1999 жылы Алматы облысы әкімінің  «Білім мекемелерін мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар етіп қайта құру туралы» шешіміне сәйкес «Есік педагогикалық колледжі» қазыналық кәсіпорын болып  құрылып, «Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберіндегі құрылтайшылық құжаттарға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін»  1999 жылдың 26 сәуіріндегі № 4962-1967 ГП сериялы куәлік беріліп, мемлекеттік тіркеуден  өтті. Облыс аумағындағы маман кадрларға деген сұранысқа байланысты колледжде «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылды.

2009 жылы Алматы облысы әкімінің №86 қаулысымен «Есік педагогикалық колледжі» мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» болып қайта құрылды. Оқу орнында уақыт талабына сәйкес сұранысқа ие  мамандықтар ашылып  білім беру аясы кеңейді.

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Еңбекшіқазақ аудандық Әділет басқармасы 17 маусым 2013 жылғы Заңды тұлғаға мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілген БСН 990440005366 заңдары шеңберіндегі құрылтай құжаттарына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын береді (алғашқы тіркелген: Қазақстан Республикасы Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасының 26 сәуір 1999 жылы берілген Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы № 828-1907-12 куәлігі)

Колледждің негізгі қызметінің түрі кәсіби және техникалық білім беру жүйесінде мамандарды дайындау, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті  №KZ53LAA00005552  2015 жылдың 18 тамызында берілген)

БҮГІНГІ ТАҢДА ТӨМЕНДЕГІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАЙДЫ:

01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

01140500 Дене тәрбиесі және спорт

4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі

01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі

01140200 Музыкалық білім беру

4S01140201 Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі

01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

4S01140605 Шетел тілі мұғалімі

4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

10150100 -Туризм

4S10150104 -Туризм менеджері