Мансаптық өсу орталығы

Орталық қызметінің бағыттары:

1.Мамандарға қажеттілігі бар нарықтың талдануы

 «Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы» студенттер мен колледж түлектеріне жұмысқа орналасу үшін көмек көрсетеді. Бұл жұмыс берушілердің орта буын, білікті мамандарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, сондай-ақ, түлектердің кепілді жұмысқа орналасуын іске асырады.

Орталықтың Миссиясы: Әр студентке жеке көзқарас, мансапты жоспарлау мен дамытуға, жұмысқа орналасуға көмектесу.

Орталық жұмысының мақсаты: жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және қазіргі еңбек нарығына бейімдеуге жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру, әдістемелік көмек көрсету және болашақ түлектердің мансабын қалыптастыру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды дамыту.

Орталықтың негізгі міндеттері:

–   Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесін арттыру;

–   Бос орындар бойынша « Бос орындар жәрмеңкесі», «Ашық есік күні» ,«Жастар практикасы» жәрмеңкесін ұйымдастыру;

– Мамандықтың оқу жұмыс жоспарына және оқу үрдісінің кестесіне сәйкес практиканың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;

– Студенттерді кейіннен жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен практика базаларымен шарт жасасу бойынша колледж жұмысын ұйымдастыру;

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

–  колледж студенттері үшін оқу-танысу, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибеден өтуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;

–   әлеуметтік жұмыс берушілердің қатысуымен іс – шаралар: кездесулер, бос орындар жәрмеңкелері, семинарлар, презентациялар ұйымдастыру;

– Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің түлектерін жұмысқа орналастыру;

– Есік гуманитарлық-экономикалық колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Колледж жылдары, мамандықтары бойынша мамандарға деген қажеттілігі бар нарықты талдап отырады, олар:

Түлекердің жұмысқа орналасуы:

Түлектердің ата-аналарынан сауалнама алу, әлеуметтік серіктестермен біріге отырып, жұмыс берушілердің пікірлерін талдап, тығыз қарым-қатынас орнату.

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша көрсеткіш:

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» – 2021 ж. – 94 студент 70

0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» – 2021 ж. – 25студент

0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» – 2021ж. – 23студент

0111013 «Өзін-өзі тану мұғалімі» – 2021 ж. –  22 студент

0101013 «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» – 2021 ж. –  43студент

0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру мекемелеріндегі музыка пәнінің мұғалімі» – 2021 ж. -20 студент

«Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының» негізгі жұмыс түрлері:

–  Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуын ұйымдастыру және бақылау;

–  Колледжде кәсіптік тәжірибені жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру;

– Колледж түлектері үшін кәсіпорындар және ұйымдарымен әлеуметтік жұмыс берушілермен ынтымақтастық құру;

– Қаланың және облыстың жергілікті атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасау;

– Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша, сондай-ақ еңбек нарығындағы өзекті жағдай туралы студенттер мен түлектерге кеңес беру;

– Олардың мансабын бақылау үшін түлектермен байланыс орнату, қолдау және дамыту;

Орталықтың негізгі функциялары:

– Түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту мәселелері бойынша колледж бөлімшелерімен, жұмысқа орналастыру қызметтерімен және басқа білім беру мекемелерінің мансап орталықтарымен байланыс орнату;

– Жұмысқа орналасуға байланысты колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерімен мәселелерді шешу;

– Студенттерді, колледж түлектерін, жұмыс берушілерді сайт, әлеуметтік желілер және басқа да коммуникация және байланыс құралдары арқылы ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;

– Ағымдағы оқу жылы түлектерінің түйіндемесі бар жұмыс берушілер үшін электрондық анықтамалық дайындау;

Біздің бөлімнің жұмысы серіктестеріміз үшін барынша қолайлылыққа кепілдік беретін қағидаттарға негізделген:

– әрқайсысына жеке көзқарас;

–  кәсібилік;

– жеке қызығушылық.

Байланыстар:

Мекен-жайы: Абай көшесі 320, Телефон: 8(72775) 7-32-00