Ішкі тәртіп ережесі
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің Ішкі тәртіп ережелері
- Жалпы ережелер
- Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, педагогикалық сондай-ақ, сервис, экономика және басқару мамандықтары бойынша мамандарды даярлау мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
- Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің міндеттері:
а) нақты мамандық бойынша қажетті теориялық білім мен практикалық дағдылары бар білікті мамандарды даярлау;
б) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, мамандарды даярлау сапасын үнемі жетілдіру.
1.3. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде мамандарды даярлау негізгі жалпы, орта және кәсіптік бастауыш білім негізінде:
– оқушыларды қабылдау жоспарына сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандарды даярлау;
– кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа да заңды және жеке тұлғалармен тікелей шарттар жасау арқылы жүзеге асырылады.
1.4. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылтайшысы – Алматы облыстық білім басқармасы болып табылады. Колледж Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес құрылып, қайта құрылады және жойылады.
1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде лицензия алғаннан бастап білім беру қызметін жүргізуге құқылы және Республиканың заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны қайтарып алу және жарамсыз деп тану сәтінен бастап қызметін тоқтатады.
1.6. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде әзірленген Жарғысы бар.
1.7. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі заңды тұлға болып табылады, жеке мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабаны, банкте шоты бар.
ІІ. оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
2.1. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқыту жалпы білім беру стандартына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
2.2. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқу күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі.
2.3. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталып, нақты мамандық бойынша оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.
2.4. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқу сабақтарының келесі түрлері белгіленеді: сабақ, дәріс, семинар, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс, өзіндік жұмыс, кеңес беру, тәжірибе, курстық және дипломдық жұмыс, сынақ, емтихан, мемлекеттік емтихан, тест. Оқу сабақтары мен кәсіптік практиканың барлық түрлері үшін ұзақтығы 45 минут болып белгіленеді. Бір кредит 45 минутқа тең. Оқу сабақтары мен кәсіптік практиканың әртүрлі түрлерін өткізу мерзімдері оқу жұмыс жоспарларымен және оқу процесінің кестесімен белгіленеді.
2.5. Студенттердің үлгерімін бақылау жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде есептелген критериалды бағалау арқылы жүреді
2.6. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде бір топта 25 адамды құрайды.
2.7. Зертханалық жұмыстарды, практикалық және семинарлық сабақтарды, оның ішінде тізбесі оқу жоспарына сәйкес айқындалатын жекелеген пәндер мен дене тәрбиесі бойынша сабақтарды өткізу кезінде оқу топтары саны кемінде 12 /13 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінуі мүмкін.
ІІІ. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Колледж директорының бұйрығы негізінде оқушылар қатарына қабылданған адамдар колледж білімгерлері болып саналады.
3.2. Білім алушыға сынақ кітапшасы мен студенттік билет беріледі.
3.3. Студенттердің құқықтары:
а) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
б) бейімділігі мен қажеттілігіне қарай оқу жоспарларына сәйкес альтернативті курстарды таңдап, қосымша білім беру қызметтерін пайдалануға;
в) колледж басқаруына қатысуға;
г) ҚР Білім беру органдарының белгіленген тәртіппен білім алушылар қатарына қайта қосылуға, бір оқу орнынан басқаға ауысуына, мамандық ауыстыруға, күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауысуға;
д) ҚР Үкіметімен белгіленген тәртіппен кітапхананың ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен сабақ барысында қамтамасыз етілуіне;
е) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
ж) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
з) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
3.4. Колледждің күндізгі бөлімінде білім алатындардың құқықтары:
– ҚР заңнамасына сәйкес әсери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға.
3.5. Мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларға ҚР Үкіметімен белгіленген тәртіп негізінде шәкіртақы төленеді.
3.6. Білім алушылар қажет болған уақытта мүмкіндігінше жатақханамен қамтамасыз етіледі.
3.7. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер колледж кеңесінің шешімі бойынша қарастырылады.
3.8. Колледж студенттерінің міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары көлемінде білімді, шеберлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге, сабақтан себепсіз қалмауға.
3.9. Оқу жоспарымен және бағдарламамен көзделген тапсырмаларды орындауға;
3.10. Қоғамға пайдалы еңбек етуге.
3.11. Тәртіпті, ұқыпты және ұйымшыл болуға, колледждің ішкі тәртібі мен Жарғысында көрсетілген ережелерді орындауға міндетті.
3.12. Колледж меншігіне нұқсан келтірмеуге. Колледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге. Колледж мүлкін (ғимараттың, оқу кабинетінің, студенттер үйінің жиһазы, техникасы, қабырғалары, терезелері, есіктері, едендері, сыртқы щиттар, электр құралдары мен қондырғылары, оқулықтар, төсек орын мен төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, оқу құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, сахна костюмдері, кітапхана қоры, техникалық инвентарь, т.б.) қасақана немесе абайсыз бүлдіріп, материалдық зиян келтірген жағдайда студент бұзылған мүлікті 10 күн ішінде қалпына толық келтіруі міндетті. Олай болмаған жағдайда материалдық шығындарды орнына келтіруге ата-анасынан, қажетті жағдайда заң алдында міндеттеледі.
3.13. Қызметі ҚР заңдарына қайшы келетін түрлі діни секталарға енбеуге , (діни ағым үлгілері кимеуге, діни әдебиетті таратпауға, діни уағыз жүргізбеуге) және қоғамға жат көріністеріне төзімсіздік танытуы тиіс.
3.14. Білім алушылар жастар ісі жөніндегі комитеті және Студенттік Парламент пен өз ұсыныстары негізінде құрылған студенттік кәсіподақ ұйымының жұмысы арқылы колледждің қоғамдық өміріне қатысуға міндетті.
3.15. Ауырғанына байланысты немесе басқа да себепті жағдаймен сабаққа келмеген білім алушы үш күн ішінде топ жетекшісін хабардар етуі қажет. Егер оқушы науқастанғанына байланысты сабақтарды жіберсе, белгіленген үлгідегі колледждің мед.пунктінің мөрімен расталған анықтамасын көрсетуі керек.
3.16. Сабақ уақытында аудиторияға кіру-шығу оқытушының рұқсатымен іске асады. Сабақ барысында ұялы телефон мен басқа да ақпараттық құралдарды қолданбау. Бұл құрылғыларды қолдану оқу үрдісінің қажеттілігіне қарай оқытушының рұқсатымен жасалады. Сабақ барысында отырған орнын таза ұстау, жалпы кабинетте жүргізілетін тазалық шараларына және сенбіліктерге қатысуға міндетті.
3.17. Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін (сабаққа кешігу, сабақтан себепсіз қалу, сабаққа мас күйінде келу, ұрлық жасау, бопсалау, әлімжеттік көрсету, т.б.) бұзғаны үшін білім алушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
а) ескерту;
б) сөгіс;
в) қатаң сөгіс;
г) оқу орнынан шығару (тәртіпті өрескел бұзғаны және сабақтан 36 сағат себепсіз қалғаны үшін)
3.18. Колледжде болған уақытында әр білім алушы өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады (студенттің гардеробқа өткізбеген сыртқы киіміне және өзге де құнды мүліктерінің жоғалуына колледж әкімшілігі жауап бермейді)
3.19. Сабаққа колледжде қабылданған классикалық үлгідегі киімінде ( қыздар үшін ақ блузка, қара юбка, ұлдар үшін ақ жейде, қара шалбар) келу. Студенттердің сыртқы бейнесі іскерлік стильге сәйкес болуы керек. Колледж ішінде, сондай-ақ колледж аумағында еркін киім үлгісін (джинсы, түрлі футболкалар мен ашық блузкалар, тым қысқа юбкалар мен спорттық киімдер) киюге тыйым салынады. Спорттық киімдер тек дене шынықтыру сабақтарында киюге рұқсат етіледі.
3.20. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар:
1) атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері**:
атыс қаруына тән жеке құрылымдық элементтері мен тетіктері немесе сыртқы белгілері бар, бірақ нысананы зақымдауға арналмаған заттар (құрылыс құралдары, сигналдық құрылғылар, линеметтер);
зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген заттар;
қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері, снарядтар, жебелер;
жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар.
2) шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:
барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;
білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттарында пайдалану жағдайларын қоспағанда, шегелерді қағу және болттарды бекіту үшін өнеркәсіптік құрылғылар, шанышқылы немесе кескіш заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік құралдар;
медициналық шприцтер («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).
3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:
жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
психикаға белсенді әсер ететін заттар;
темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
- Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдаланалуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі:
1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).
Ескертпе:
білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін;
– әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, ғимараттарды күзету, хат-хабарлар мен арнайы жөнелтімдерді жеткізу, тиісті рұқсаты болған кезде күзетілетін адамдарды алып жүру кезінде;
-ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қоспағанда.
Колледж әкімшілігі
3.19. Қосымша
Қазақстан Республикасындағы білім беру және тәрбиелеу жүйесі, рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, діннен және діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 3-бабының 4-тармағы).
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ешкімнің де өзінің діни сенімі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерді орындаудан бас тартуға құқығы жоқ екендігі көрсетілген (7-тармақ, 3-бап).
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті (ҚР Конституциясының 1-тармақ, 34-бап).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы өз саласындағы тиісті құқықтық қатынастарды айқындайды, онда білім алушылардың формасын міндетті түрде сақтауының нормалары мен ата-аналар тарапынан міндетті түрде білім беру мекемесінің формасын сақтау нормалары белгіленген, оның ішінде Жарғы мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету («Білім туралы» ҚР Заңының 15-1- тармақ, 47-бап және 3,6,7 тармақшалары, 2-тармақ, 49-бап).
ҚР «Білім туралы» Заңының:
1.. 49-бабында «Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген:
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті формаға қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
- 47-бап, 14 тармағында Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Білім беру мекемесі – зайырлы ережелер мен іскерлік этикеттің жалпыға бірдей қабылданған ережелері, оның ішінде оқу орнының қабырғасында киіну және бас киім кию ережелері сақталуы тиіс зайырлы мекеме.
Білім беру мекеме формасының үлгісіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген.
Аталған заңнамаларға сәйкес, оның ішінде Жарғы мен колледждің ішкі тәртібін сақтау (колледж формасына қойылатын талаптар) ешкімнің ар-ождан бостандығын бұзбайды, керісінше, мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындауға міндеттейді.
Басқаша айтқанда, оқушының сыртқы келбеті, оның ішінде бас киімі қоғамда жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі және зайырлы сипатта болуы керек.