«Саналы ұрпақ» студенттер клубы

0
1335

«Саналы ұрпақ» студенттер клубының жылдық жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет» туралы өте пайдалы семинар өтті. Бұл тақырыптағы жиынның бәрі ресми өтетін, ал біздің бүгінгі семинарымыз әдеттегіден өзгеше болды. Студенттермен еркін сөйлесе отырып, бір-біріміздің ойымызды тыңдап, сұрақ қойып, өте нақты, жан-жақты терең жауап алдық. Семинарға Алматы облыстық мәслихат депутаты, заңгер Ерік Абитов, «Nur Otan» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық Бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанатының аудандық филиалының төрағасы Мади Бердибаев қатысты.