ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2021

0
330

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданымызда әр салада белгілі бір жетістікке жеткен жастарды марапаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында «ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2021» атты аудан әкімінің жастар сыйлығын табыстау салтанатты кеші өткізілді. «ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2021» жастар сыйлығына колледжімізден екі студент «Үздік жас спортшы», «Үздік студент», номинациясы бойынша қатысып, 401 топ студенті Құдайберген Нұржауар «Үздік студент» номинациясына ие болды. Салтанатты кештің жүргізушілері Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшелері Аязбай Ернұр және Қуаныш Альфия. Кештің ұйымдасуына Жастар ісі жөніндегі комитеттен 30 студент белсене атсалысты. Түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген жастар бас қосқан кеш жоғарғы деңгейде болды.