Колледж оқытушылары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушылары Калиаскарова Каламкас Калибековна және Балташева Баян Берикбековна 28.03-15.03.22 күндері аралығында «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Олар 2022 жылдың 20 сәуір күні колледж оқытушыларымен курстан кейінгі сүйемелдеуді жүргізу мақсатында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында кредиттік-модульдік оқыту жүйесіндегі жұмыс жоспары, оқу бағдарламасы, мамандықтың паспортын құру жолдары түсіндірілді. BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау, педагогтің кәсіби деңгейін анықтау тақырыптары талқыланды.
Оқытушылар ТжКОБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін қажетті нормативтік құжаттарды зерделеп, мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді үйренді. Педагогтер тарапынан сұрақтар қойылып, пікірталас жүрді.