Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауы

2023 жылдың 1 қыркүйегінде колледж ұжымы мен білім алушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауын тыңдап,талқылады. Халық пен елдің ең басты, көкейкесті және зәру мәселелеріне жауап берген теңдессіз құжат, ұжым мүшелері арасында қолдауға ие болды.
Президентіміздің халқына жолдаған әрбір Жолдауы мемлекеттің жүріп өткен жолына есеп бере отырып, болашақ дамудың басты бағыты,келешектің күре жолы екеніне көзіміз тағы бір мәрте жетті.
Жолдау-барлық қазақстандықтар алдында үлкен міндет қойып отыр. Сондықтан да, айқындалған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында нақты шараларды атқаруға шақырамыз!